Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды

Оның айтуынша, стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан.
«Өзбекстан мен Қазақстан тұрғындарын соңғы жылдары екі ел арасында орнаған саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыстардың жаңа деңгейге жоғарылағаны қуантады. Сондай-ақ, шекара ынтымақтастығы нығайып, сауда айналымы өсіп жатыр. Екі ел біздің ортақ мақсатымызды - сауда айналымын 5 млрд долларға дейін арттыруды орындап жатыр», - деп атап өтті ол.
«Гуманитарлық ынтымақтастық туралы айтар болсақ, Ташкент қаласында көптеген қазақ интеллигенциясы өкілдері өмірге келіп, білім алғанын атап өтер едім. Біздің елімізде көптеген этникалық қазақтар еңбек етіп жүр. Өзбекстан қазақ мәдениетіне үлкен қолдау көрсетіп жатыр», - деді Комилжон Каланов.
Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапарлап, Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашуы - тығыз қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Автор: Мирас Қуандықов