Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты сағаттық келіссөз

Алты сағаттық келіссөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде өткен кездесуде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығыстағы түрік-сирия шекарасын бірлесіп бақылауда ұстаймыз деп келісті деп хабарлайды aikyn.kz.
Өзара келісімге сәйкес түрік әскерлері 30 шақырымдық аумақтағы «Бейбітшілік қайнары» операциясы аясында өздері бақылауға алған жерді назарға алатын болды. Ал 30 шақырымдық аумақтың қалған бөлігіне Ресейдің әскери полициясы кіргізіледі, ал қарулы күрд жасақтары бұл аймақты тәрк етулері тиіс.Бұл туралы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров өз мәлімдемесінде айтып берді.
Ердоған 22 қазанда Сочиге барып, Путинмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер алты сағатқа созылып, басты тақырып Түркияның Сирияның солтүстігіндегі операциясы болды.
Атап өтерлігі, Түркия 9 қазанда Сирия аумағында "Бейбітшілік қайнары" операциясын бастады. Әскери операцияның мақсаты – Түркияның оңтүстік шекарасындағы аймақты бақылап отырған лаңкестерді жою, Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату, деп жазады "Анадолу".
  «Біздің мақсатымыз – олардың біздің оңтүстік шекараларымызда құруға тырысқан террористік дәлізін жою, сонымен қатар аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату»,– деп жазды Ердоған.
«Бейбітшілік қайнары» операциясының арқасында Сирияда «қауіпсіз аймақ» құрылып, сириялық босқындар соған жіберіледі.
Ал, Сирия СІМ егер Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция басталса, ол бүкіл саяси реттеу процесіне ауыр соққы болады деп мәлімдеді.


23 қазан 2019 ж. 728 0