
Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей президенті Владимир Путин салтанатты шараға шақырғанын жазды."Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Қызыл алаңда жеңістің 74 жылдығына орай өткен әскери парадқа қатысады", - деді Үкібай.
Кремльдің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеңіс күніне орай өткен шерудің құрметті қонағы болғанын жазды.
stan.kz