Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Президенті Владимир Путинге Шереметьеводағы ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады. «Ресей Президенті Владимир Путинге Мәскеудегі Шереметьево әуежайында болған апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қаза болғандардың туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақпын» делінген жазбада. Айта кетейік, кеше Мурманскіге бағыт алмақ болған SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды. Кейін апат салдарынан 41 адам қаза болғаны хабарланды. Қазіргі уақытта ажал құшқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде.
https://www.inform.kz
06 мамыр 2019 ж. 951 0