Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған» деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады. 
https://www.inform.kz
30 сәуір 2019 ж. 1 252 0