Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға Индонезия президентін шақырды

Тоқаев Индонезияға 12-14 наурыз аралығында жұмыс сапарымен барады.
«Сапардың басты жаңалығы – Тоқаевтың Индонезия президенті Джоко Видодомен кездесуі болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сенат Төрағасы индонезиялық көшбасшыны ресми сапармен Қазақстанға келуге және әлемдік, дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуға шақырады», - делінген хабарламада.Парламентаралық байланыстарды нығайту үрдістері Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы мен Индонезияның Халықтық Консультативтік Съезінің басшылығымен талқыланатын болады. Келіссөздер барысында екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.