Елбасы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа бірінші орынбасарын таныстырды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа бірінші орынбасары таныстырылды. Бұл қызметті енді Мәулен Әшімбаев атқарады. Елбасы партия саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысып, жаңа басшыны таныстырды. Мәулен Сағатханұлы 1971 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде қарапайым қызметкер болып бастаған ол бірқатар басшылық лауазымды басқарды. 2012 жылдан бері Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымын басқарып келген Мұхтар Құл-Мұхаммед Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Елбасы Мұхтар Абрарұлына атқарған жұмысы үшін алғыс айтты,-деп хабарлайды "Хабар 24kz" сайты.