Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен не туралы сөйлесті?

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Армения басшысы Армен Саркисян да Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев оған ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан мен Армения жағы бастамашы болды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысын Грузияның мремьер-министрі Мамука Бахтадзе де құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.