Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде аккаунт ашты

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде аккаунт ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп пайдаланылатын əлеуметтік желінің бірі Instagram-нан ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.  

“Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым” – деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

“Еске салайық, соңғы уақытта Instagram желісінде Президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кетті, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес. Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекен-жайы @tokayev_online“, – деп толықтырды Берік Уәли.
kazaknews.kz
02 сәуір 2019 ж. 1 397 0