Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді тапсырды

Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді тапсырды

Халықпен кері байланыс барлық жерде орнаған жоқ, 17 әкімдіктен барлығы төрт байланыс колл-орталығы бар, ал мобильді халық бақылауы - 7 өңірде ғана. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың сұраныстарына жедел ден қоюды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Біз үшін қарапайым адамдардың әлеуметтік жағдайын білу және дер кезінде әрекет ету өте маңызды. Жағдайды біліп отыру өте маңызды. Бұл әрдайым біз үшін маңызды. Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңыздылығы: мессенджерлерде топтар құрып, жүргізіліп жатқан саясатты түсіндіру, жағдайды жетілдіру және басқару. Халықпен кері байланыс барлық жерде орнаған жоқ, 17 әкімдіктен барлығы төрт байланыс колл-орталығы бар, ал мобильді халық бақылауы - 7 өңірде ғана", - деді Тоқаев Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен өткен кеңесте.
Оның айтуынша, халықпен кездесулерде конструктив диалог құру көптеген проблемалық мәселелерді тиісті деңгейде шеше алатынын көрсетті.
"Бұл азаматтардың билік институттарына деген сенімін арттырады. Өңір әкімдері есеп беру кездесулерінде ғана емес, сонымен қатар тұрақты негізде адамдармен кездесіп, барлық елді мекенді аралап шығуы тиіс. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде жүргізіліп жатқан реформалар мен іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың мәнін нақты және қолжетімді жеткізе білу әрбір жетекшіге ажырамас талап. Кейде ең сауатты маман қарапайым және қолжетімді тілде сөйлей алмайтынын өздеріңіз көріп отырсыздар", - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекеттік басқару академиясының базасында тиісті курстарды енгізуді және оларға халықпен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын барлық шенеуніктерді жіберуді тапсырды.
"Әкімдерге халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырамын. Өңір басшылығының азаматтармен жеке байланысы өте маңызды. Бұл барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты, ауылдағы әкімдерден облыс әкімдеріне дейін", - деді Мемлекет басшысы.
ernur.kz
27 наурыз 2019 ж. 691 0