Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты

Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты

Түркия коронавирусқа теріс сынама туралы анықтаманың болуы туралы талапты ұзартты. Бұл жөнінде 24 ақпанда Түркияның ұлттық тасымалдаушысы Turkish Airlines өз серіктестеріне жіберген хатта жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әуекомпанияның мәліметінше, 2021 жылы 31 наурызға дейін Түркия билігі ПТР-тест анықтамасын талап етуді қысқартуды жоспарлап отыр екен. Алайда осыған дейін бұл анықтама 1 наурыздан бастап алынып тасталады делінген. 
«Түркияның денсаулық сақтау министрлігі Түркияға келетін алты жастан асқан жолаушыларға NegativeSARS-Cov-2 PCR анықтама-тестін талап ету мерзімін 2021 жылдың 31 наурызына дейін созғанын хабарлаймыз» делінген Turkish Airlines әуекомпаниясының хабарламасында. 
Хабарламаға сәйкес, анықтама қағаз күйінде және электронды түрде болуы мүмкін. Ал ПТР-тест тапсыру мерзімі ұшуға дейін 72 сағаттан аспауы тиіс. Анықтама болмаған жағдайда жолаушылар әуежайдың ұшу аумағынан бортқа жіберілмейді. Алты жасқа дейінгі балаларға, транзитті және трансермен ұшатын жолаушыларға анықтама қажет емес. 
Еске сала кетейік, Түркия қазақстандық туристер үшін былтыр маусымнан бастап ашылды. Ыстанбұлға рейстер Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан, Шымкенттен, сондай-ақ 24 ақпаннан бастап Түркістаннан орындалады. 
26 ақпан 2021 ж. 856 0