Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АӘК тағайындау: Ажырасуды болдырмау үшін заң жобасына түзетулер әзірленді

АӘК тағайындау: Ажырасуды болдырмау үшін заң жобасына түзетулер әзірленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған ажырасу фактілерін болдырмауға көмектесетін түзетулер әзірледі.  Бұл жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланды

Осы құжатқа сәйкес, алимент туралы мәліметтерде АӘК тағайындау кезінде борышкердің пайдасына жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемдері көрсетілуі тиіс. Осы ретте деректер орталықтандырылған базада  орналасуы қажет. Сондай-ақ, егер борышкер бизнесмен болса кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстары да көрсетіледі.
«Алимент төлеу туралы келісім болған жағдайда, кәмелетке толмаған балаға алимент мөлшері бұған дейін сот тәртібімен өндіріп алу кезіндегі алимент мөлшерінен төмен болмайды» , – делінген заң жобасында.
Бұдан бөлек, ажырасқан отбасылардың алған алимент туралы құжаттары болуы тиіс. Онда нақты сома көрсетілуі қажет және нотариалды расталуы тиіс.
Құжаттар тізбесіне кіреді:
•    Балаға тиесілі алименттерді алу үшін нысаналы шотты ашу туралы банктен анықтама;
•    Некені бұзу туралы соттың күшіне енген шешімінің болуы туралы анықтама және алимент өндіріп алу туралы сот актісі;
•    Нақты соманы, сондай-ақ қаражатты төлеу тәртібін көздейтін жазбаша нысанда жасалған және нотариалды куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің болуы туралы анықтама;
•    Егер борышкердің орналасқан жерін үш және одан да көп ай ішінде анықтау мүмкін болмаса, оның алимент бойынша іздестіруде екені туралы анықтама. Егер алимент алушы түрмеде немесе мәжбүрлеп емдеуде болса, онда ол туралы да анықтама беру қажет.
Жоғарыда көрсетілген барлық мәлімет жергілікті атқарушы органдар тексере алатын базаға енгізіледі. 
Артық төленген немесе негізсіз төленген сомалар фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган АӘК алушыға ақшаны ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Еңбек министрлігі бір ай өткен соң сотта ақша талап етуге құқылы деп жазды. 
Түзету жобасы 26 маусымға дейін жария түрде талқылауға шығарылды.
http://stan.kz
13 маусым 2019 ж. 993 0