Пилоттық жобаның тағы бір жеңісі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында, тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабарлама жолданған.
Тараптар сот талқылауы барысында, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхаттар түсіріп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара жасасқан келісімді ұсынған. Келісімнің шарттары бойынша А. талап қоюшы Е-ның пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал Е. болса өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі