Медиация – ымыраластыруды көздейді

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі еш зая кеткен жоқ.
Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талапты мойындап, 200 000 теңгені талап қоюшыға ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызынан бастап ай сайын 15 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
баспасөз қызметі