Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады.
Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілген.
Сот отырысында тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер азамат С-ны алғашында жұмысқа 0,5 жартылай бірлікте жұмысқа қабылдап, 30 тамыз 2018 жылдан бастап бұрыңғы жұмысына орналастыруға міндеттенді, осыған орай талап қоюшы өз кезегінде қойып отырған талабынан бас тартты.
Тараптар арасында жасалған татуласу келісімінің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Осылайша тараптар істі татуласу келісімі арқылы реттеп, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі