Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз сомасын өндіру туралы талап оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қарыз сомасын өндіру туралы талап оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Жауапкер С. 2017 жылдың наурыз айында өзінің танысы И-ден қарызға 450 000 теңге ақша алған және оны сол жылдың мамыр айына дейін қайтаратын болып міндеттенген.Сотта анықталғандай, жауапкер мамыр айында көрсетілген соманың 100 000 теңгесін қайтарады, ал қалған 350 000 теңге қарызды бүгінгі күнге дейін қайтармаған. Қарызды қайтару жөніндегі ескертулерге жауапкер құлақ аспаған, қарыздан құтылуға еш шара жасамаған. Осыған орай, талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгінуге мәжбүр болған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.
Сот аталған істі тараптарды шақырмай оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талапты толықтай қанағаттандырды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
06 сәуір 2018 ж. 2 653 0