Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді

Тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚКМК-нан 1 000 000 теңге моральдық залал және өкіл көмегіне төленген 60 000 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілген.
Сот отырысында тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
03 сәуір 2018 ж. 1 576 0