Тапсырыс беруші газдандыру қызметі ақысын төлемеген

Келісім-шарт бойынша жауапкер көрсетілген қызметтер үшін 72 128 теңге төлеуге міндеттенген, алайда бүгінгі күнге дейін өз міндетін орындамаған.
Қазақстан Республикасының АК-нің 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
Сот шешімімен тапсырыс берушіден 72 128 теңге берешек қарызы өндірілді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі