Арал аудандық сотында азамат И-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, азамат И. Арал аудандық сотының 12 тамыз 2009 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы К-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 2 831 904 теңгені құраған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі