Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Жұбайлар медиация көмегімен отбасын сақтап қалды

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның Т-мен арасындағы некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.Талап қоюшы А. талабында, жауапкермен 2015 жылдан бері заңды некеде тұратынын, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі еш зая кеткен жоқ.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхаттар түсіріп, екеуара некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімді ұсынған.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
05 шілде 2018 ж. 1 365 0