Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол көлік оқиғасымен келген залалды өндіру ісі медиация көмегімен тоқтатылды.

Жол көлік оқиғасымен келген залалды өндіру ісі медиация көмегімен тоқтатылды.

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер И-ден жол көлік оқиасынан келген залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы Ж. сотқа жауапкер И-ден 20.02.2018 жылы орын алған жол көлік оқиғасынан келген залал 175000 теңгені өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілген.
Сот отырысында тараптар сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтың араласуымен өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
01 маусым 2018 ж. 1 116 0