Оқу орнын бітіргенше алимент өндіру жөніндегі іс, медиативтік келісім жасасумен аяқталды

Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келген. Келісімнің шарттары бойынша, талап қоюшылар қойып отырған талаптарынан бас тартады, ал жауапкер болса талап қоюшыларға оқу орнын бітіргенше ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі