Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Б-ның жауапкер Т-дан ортақ мүлкін бөлу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.Талап қоюшы талабында, жауапкерден, бірге тұрған уақыттары бірігіп салған ортақ тұрғын үйдің құнының жар бағасын өндіріп беруді сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар кәсіпқой медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Медиативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер Т. талапты мойындап, талап қоюшы Б-ға ортақ тұрғын үйдің құнының жартысын төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы Б. осы медиативтік келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
08 қаңтар 2019 ж. 1 264 0