Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талапты мойындап, талап қоюшының қонақ бөлмесіндегі керілмелі төбесін ағымдағы жылдың қараша айының 25-не дейін жөндетіп беруге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, қойған талабынан бас тартқан.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі