Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық іс медиативтік келісім жасасумен аяқталды

Азаматтық іс медиативтік келісім жасасумен аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкерлер Б. мен С-дан тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2017 жылдың қаңтар айында жауапкерлерден 200 000 теңгеге жер учаскесін сатып алып, тұрғын үй құрылысын жүргізген. Жауапкерлер жер учаскесін сатып алушының атына рәсімдеп беретін болып келіскен. Алайда, жауапкерлер жер учаскесін келісім бойынша атына рәсімдеп бермегені үшін, олардан тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығынды өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келген. Келісімнің шарттары бойынша, талап қоюшы жауапкерлердің жер учаскесін өзінің атына аударып беруіне байланысты қойып отырған талабынан бас тартқан.
Осылайша, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
18 шілде 2018 ж. 1 177 0