Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Намибияның үшінші президенті қайтыс болды

Намибияның үшінші президенті қайтыс болды

Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы президент кеңсесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вице-президент Нанголо Мбумба мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


“Намибия Республикасының сүйікті президенті Хаге Гейнгобтың бүгін, жексенбі, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен таңғы сағат 12:04-те өзі медициналық ем қабылдап жатқан “Леди Похамба” ауруханасында қайтыс болғанын үлкен қайғымен және өкінішпен хабарлаймын”, – делінген мәліметте.

Өмірінің соңғы сағаттарында мемлекет басшысының жанында әйелі мен балаларының болғаны айтылады.

    Ыстамбұлдағы теракт, Израильдің Дамаскіге шабуылы, Путиннің қайта билікке келуі: Әлемде не болып жатыр

    Ресей мен Украина Түркияның ықпалымен қайта келіссөз жүргізуі мүмкін – БАҚ

Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін ол емделуге АҚШ-қа барды, бірақ бірнеше күннен кейін Намибияға қайта оралды.

Жақын арада министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "қажетті үкімет шараларын қабылдау" үшін жиналатынын жеткізді.

Фото: ашық дереккөз 
04 ақпан 2024 ж. 563 0