Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Францияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Францияға барды

29 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.
“Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді”, – делінген хабарламада. 
Айта кетейік, 28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып қайта сайланғаннан кейін Ресейге жасаған алғашқы сапарының саяси маңызы зор екенін айтқан еді. 
29 қараша 2022 ж. 709 0