Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Мемлекет басшысы Ресейге жұмыс сапарымен барады

Бүгін Мемлекет басшысы Ресейге жұмыс сапарымен барады

10-11 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.
10 ақпан 2022 ж. 1 917 0