Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт 84 жасында дүниеден өтті. Бұл ақпаратты Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

CNN мәліметтері бойынша, экс-Мемлекеттік хатшы қатерлі ісіктен қайтыс болған.

Олбрайттың өлімі туралы ақпаратты сәрсенбіде өткен брифингте Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс растады. Оның айтуынша, қазір Еуропаға бара жатқан АҚШ Президенті Джо Байден экс-Мемлекеттік хатшының қайтыс болғаны туралы хабарланған.

Олбрайттың Twitter-дегі парақшасында туыстарының үндеуі де жарияланды. Олар АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы қатерлі ісіктен қайтыс болғанын растады.

«Ол отбасы мен достарының ортасында болды. Бүгін біз сүйікті анамызды, әжемізді, қарындасымызды, тәтемізді және досымызды жоғалттық», делінген жазбада.

Олбрайт америкалық сыртқы саясат бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалған алғашқы әйел болатын.
24 наурыз 2022 ж. 589 0