Үндістандағы ең бай жұп 150 млн долларға мерекелік кеш өткізді

Күйеу жігіттің әкесі Мукеш Амбани - Reliance Anil Dhirubhai Ambani Group компаниясының иесі, Үндістан мен Азиядағы ең дәулетті адам. Forbes нұсқасы бойынша, ол әлемдегі ең бай адамдар арасында 9-орында тұр және оның дәулеті 117 млрд долларға бағаланып отыр.
Үш күнге созылатын мерекеге Хиллари Клинтон, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Иванка Трамп және басқа да танымал тұлғаларды қосқанда 1 200-ден мейман шақырылған. Қонақтардың алдында Рианна бастаған әлем жұлдыздары өнер көрсетті.
Бұл кеште әйгілі аспаздар 2 500-ге жуық тағам түрін дайындады. Сондай-ақ оларға тоғыз беттік дресс-код ұсынылды.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, отбасы бұл айтулы іс-шараға 151,6 млн доллар (257,8 млн теңге – ред.) жұмсаған.
Айта кетейік, бұл – үйлену тойына дейінгі рәсім, үйлену тойының өзі шілде айында болады.
Еске сала кетсек, қаңтарда Брунейде 32 жастағы ханзада Абдул Матин мен ол жары етіп таңдаған 29 жастағы Аниша Иса Калебичтің үйлену тойы өткен. Мереке 10 күнге созылды.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз