Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Француз аспаздары әлемдегі ең ұзын нанды пісіріп, рекорд жасады

Француз аспаздары әлемдегі ең ұзын нанды пісіріп, рекорд жасады

Француз аспаздары әлемдегі ең ұзын багетті пісіріп, бес жыл бойы дес бермей келе жатқан Италияның рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian басылымының мәліметінше, багеттің ұзындығы 140,53 метрді құрайды.

Тарихи оқиға Парижде француздық аспаздар мен кондитерлер конфедерациясының іс-шарасы кезінде болған. Багетті пісіруге аспаздар 14 сағаттай уақыт жұмсадық деп отыр.

Нанның қамырын түнгі сағат үште илей бастап, одан кейін арнайы пешке салған. Жаңа рекордты Гиннестің рекордтар кітабы комитетінің судьясы ресми тіркеді.

Аспаздар багеттің бір бөлігін кесіп, халыққа көрсетуге қойса, қалған бөлігін үй-күйі жоқ адамдарға таратып берген.

Айта кетерлігі, бұған дейін әлемдегі ең ұзын багет 2019 жылы италиялық Комо қаласында пісірілген. Оның ұзындығы – 132,62 метр болған.

Ресми ережелерге сәйкес, әдетте дәстүрлі француз багетінің ұзындығы 60 см етіп пісіріледі.

Фото: ашық дереккөз 
08 мамыр 2024 ж. 589 0