Анкарада әлемдегі ең үлкен пахлава әзірленді

Пахлава Travelexpo 3-ші халықаралық туристік көрмесі және Анкара Сауда палатасы ұйымдастырған фестиваль аясында ұсынылды.
Рекордқа қол жеткізу үшін фестивальға Түркияның түкпір-түкпірінен аспаздар жиналған. Олар 515 келілік алып пахлаваны арнаулы жасалған пеште пісірді.