Әлемдегі ең қымбат үй белгілі болды .

Les Cèdres вилласы 1830 жылы салынған. 18 мың шаршы футқа жайғасқан үй 35 ландшафт бақшасымен ерекшеленеді. Сен-Жан-Кап-Ферра жағажайына салынған зәулім сарай антиквариатқа толы.
Блумберг агенттігінің мәліметінше, зәулім үйдегі кітапханада 3 мың кітап қоры бар. 17-ғасырдағы Ботаника кодексі сияқты танымал, сирек кездесетін кітаптарды осы сарайдан кездестіруге болады.
ІІ Леопольд патша бұл вилланы 1904 жылы сатып алып, оның ауласын кеңейткен. Патшаның көк-сары белгісі зәулім сарайдың қонақ бөлмесіне орнатылыпты. Кейіннен бұл үйдің бірнеше иесі болған.
14 бөлмелі үй Францияда орналасқан. Егер биылғы жылы аталған бағаға сатылса, әлемдегі ең қымбат үйге айналып шыға келмек.