Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Араб ханзадасы әлемдегі ең қымбат үйдің иесі атанды (фото)

Араб ханзадасы әлемдегі ең қымбат үйдің иесі атанды (фото)

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы Франциядағы Людовиктің зәулім сарайы сатылғанда үйдің жаңа иесі құпияда қалған еді. 300 миллион доллар тұратын аталған мүліктің иесі Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салман болып шықты.

Мұны New York Times басылымы анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Сән-салтанатпен көмкерілген сарай көздің жауын алады. Үйдің іші мәрмәрден жасалған мүсіндерге толы. Бұдан бөлек, сарай ішінде алтыннан жасалған субұрқақ пен ауқымы 57 акрды (авт. Англия мен Солтүстік Америкада 4047 шаршы метрге тең жер өлшеуі) құрайтын ландшафтты саябақ бар.
Араб ханзадасы Салманды жұртшылық жемқорлықпен күресуші жан ретінде таниды. Салман өз елінде жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарады.
Бұған дейін Мұхаммед бин Салман Жер бетіндегі ең қымбат яхтаны сатып алған-ды. Оның құны 500 миллион доллардан асып түскен. Сондай-ақ, Мұхаммед бин Салман әлемдегі ең қымбат картина – Леонардо да Винчидің “Әлемді құтқарушы” туындысын алған (450 миллион доллар).
20 желтоқсан 2017 ж. 2 793 0