NASA Жерге үлкендігі зәулім үйдей болатын астероид жақындап келе жатқанын ескертті

Ғарыш агенттігі мамандардың мәліметі бойынша, AJ129 астероиды 4 ақпанда Жерге ең жақын нүктеге жетеді. Астероид көлемі 1,7 километрге жетуі мүмкін. Бұл Жердегі ең үлкен ғимарат Дубайдағы биіктігі 800 метр болатын Бурдж-Халифадан да үлкен.
Астероид секундына 34 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді.
Ғалымдар «қауіпті болуы ықтимал» деп атаған AJ129 астероиды – биылғы жылы Жерге жуықтап өтетін ең үлкен аспан денесі. Зерттеу мәліметтерне сәйкес, егер ол Жерге құласа, ғаламшарды мұз құрсайды.
Десе де ғалымдар астероидтың Жерге құламайтынына сенімді.