Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тігілген ең ұзын құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Алматыда тігілген ең ұзын құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Алматыда тігілген құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Гиннестің рекордтар кітабыны бас кеңсе қызметкерлері Алматыда жасалған «Құрақ көрпені» әлем бойынша ең ұзын көрпе деп тапты.
«Құрақ көрпенің» ұзындығы 10 шақырым 900 метр. Бұл көрпені 500-ден астам адам дайындады. Көпшілігі қаладағы кітапхана қызметкерлері.
«Бұған көп адамның еңбегі сіңді. Жүздеген алматылықтарды есептемегенде 520 адам көрпе тігуге атсалысты. Сондықтан бұл қала халқының жемісі», – дейді қаладағы кітапхана желісінің басшысы Роза Қабиева.
Олар көрпені наурыз айынан бастап тіге бастады. 5 ай ішінде әлемдік көрсеткішке жетті. Көрпені ресми тіркеу үшін Ұлыбританиядан адамдар келді.
«Бұған дейінгі рекорд Малайзияда 2016 жылы жасалды. Ол көрпенің ұзындығы 1128 метр болды. Бүгін біз арнайы геозезист мамандарды шақырып, көрпенің ұзындыңын анықтадық. Ресми түрде әлемдік рекорд тіркелді. Арнайы сертификат тапсырдық», – дейді Гиннестің рекордтар кітабы бас кеңсесінің өкілі Джоан Брент.
Stan.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 2 168 0