Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мыңдаған алматылық пен қала қонақтары Наурызды бірге атап өтуде

Мыңдаған алматылық пен қала қонақтары Наурызды бірге атап өтуде

Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде мерекеленуде. Қаланың барлық сегіз ауданында халықтық серуендер өтуде, ал мерекенің негізі тартылыс нүктелері - қайта жаңарған «Астана» алаңы, Панфилов және Жібек жолы көшелері, Алатау ауданындағы Атлеттер ауылы мен «Алматы Арена» болуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған ғажап мереке екенін атап өтті.
«Биыл халқымыздың «Наурыз» мейрамымен қайта қауышқанына 30 жыл толып отыр. Кеңес дәуірінде тойлауға тыйым салынған ұлттық мерекеміз 1988 жылдың көктемінде бір топ ұлт зиялыларының бастамасымен, сол кездегі Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Наурыз мейрамы болып осы Алматыда қайта жаңғырды. Бұл жөнінде Елбасы «Наурыз – ғасырлар қойнауынан бастау алған ерекше ұлық мерекеміз, жақсылықтың жаршысы, жаратылыстың шынайы жыл басы» деп атап өткен болатын», - деді Бауыржан Байбек.
«Астана» алаңында мыңдаған қала пен мегаполис қонақтары үшін ерекше концерттік бағдарлама кең құлаш жайды. Халықтық композициялар мен сүйікті әндерді әнші Роза Рымбаева, «МузАРТ», «Дос Мұқасан» топтары және басқалары орындады. Отандық эстрада жұлдыздарымен қатар 12 елдің шығармашылық ұжымдары, соның ішінде Үндістанның, Өзбекстанның, Иранның, Ауғанстан мен Пәкістанның, Қырғызстанның және басқаларының өнерпаздары белсенділік танытты.
Дәл осы жерде ұлттық тағамдар фестивалі өтуде, қала тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ пен Наурыз көже таратылуда, киіз үй тігіліп, сауда шатырлары, түрлі инсталляциялар «кереге құрақ», «қос», «абылайша» және басқалары көз тартуда. Жібек жолы мен Панфилов көшелерінде әлемнің әр елінің қышпен, зергерлік бұйымдармен, керамикамен, жібек жіппен жұмыс істеу және ортеке, шырдақ, басқалары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылған.
Қайта жасалған көшелерде театрландырылған көш керуені өтіп, суретшілердің пленэрлері, спорттық сайыстар, жастар арасындағы авторлық ән байқауы, балалар ойындары, өлең оқу, би нөмірлері, театр қойылымдары және басқалары ұйымдастырылған.
Жібек жолы бойындағы ең ұзын «Құрақ көрпе» тігілген алаң келушілерді ерекше тәнті етті. Шеберлер мегаполисте құрақ көрпе тігуден «Гинесстің рекордтар кітабының» жаңа рекордын жасауға талпынуда. Ұлттық «Құрақ көрпенің» ұзындығы 25 мың шаршы метерден асады деп күтілуде.
Өз кезегінде Алатау ауданындағы «Almaty Arena» стадионы маңындағы «Наурыз – бүкіләлемдік мәдени мұра» бағдарламасы да тартымды болды.
Наурыз мейрамы аясында «Әлем халықтарының тағамдары» фестивалі өтуде, мұнда шетелдік қонақтар қызығушылық танытқан әрбір жанға Әзербайжанның лаваштағы палауын, пахлаваны, түріктің шпинатты берегін, үндінің «тандай» сусынын және басқаларын әзірлеуді үйретуде. Қолөнершілер жәрмеңкесі, «Асық» турнирі, балалар және спорт алаңдары ұйымдастырылған.
Бұлардан өзге, «Almaty Art Center» аллеясы алдында сауда алаңы жұмыс істеп, қонақтарға «Qazaq Oner» қолөнершілер орталығының ұлттық сувенирлері, киімдері, hand made өнімдері ұсынылуда.
Алатау ауданындағы ашық концерт алаңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Бүркіт, Нұрлан Албан, «АЗиЯ» тобы, «Үшқоңыр», «Ньютон», Роман Ким, Жасұлан Мұсағалиев, Рауан Абильбаев, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының солистері, «Rise», «Ivory», «Republic» шоу балеттері және басқалары өнер көрсетті. Мереке қонақтары үшін «BIG Караоке шоу» өтіп, Live band және альтернативті топтардың көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Меркелік шаралар соңы «Астана» алаңында сағат 21.00-де өтетін ауқымды отшашуға ұласады.
Айта кетерлігі, Наурыз мейрамы өткен барлық негізгі локациларды тікелей көрсету үшін Алматыда 40 медиабордтар ұйымдастырылды. Телекөрермендер үшін «Алматы» телеарнасы тікелей трансляция жүргізді.
Жалпы, Алматыда Наурыз Мейрамы бір ай бойына аталып, 150-ден астам шаралар өтеді. Мысалы, 23 наурызда Қайрат Нұртас «Астана алаңында концерт қойса, «Алматы Аренада» «DISCO стиліндегі Наурыз» атты үлкен концерт болады, онда Baccara, Kevin Mccoy Ex Bad Boys Blue, Londonbeat, Ottawan, Sounds Of Boney M Sheyla Bonnick, Secret Service, Joy, Arabesque Original Michaela Rose және басқалары өнер көрсетеді.

22 наурыз 2018 ж. 1 310 0