Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗДЫ ҚИЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТАР  ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ

НАУРЫЗДЫ ҚИЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТАР  ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ

Наруыз мерекесі -  күн мен түн теңеліп, жер шуаққа кенелетін жаңа жыл бастауы. Бабалардан жалғасқан дәстүр бойынша қазақ халқы Ұлыстың Ұлы күнін жыл сайын сарқыты бұзылмаған сап қалпында тойлап келеді.
         Ия, Қазақ халқы ғана емес – ау, Наурыз мерекесін шығыс халықтары да кең көлемде атап өтеді. Соның ішінде иран тілдес халықтар наруызды біршеше күн мерекелейді. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды. Жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже – «сумалак» ұсынады. Ал ежелгі түркілер болса, Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады.Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – жамбы атып жарысады.  
Бұдан бөлек бір кездері шекара асып, елден жырақ кеткен қиырдағы қазақтар да наурыз мерекесін тойлауды ұмыт қалдырған емес. Оған дәлел:
 Қытай ХР- Ерболсын Жамаубай:
Біз Қытай жерінде жүрсек те қазақы қалпымызды жоғалтқан емеспіз.   Наурыз мерекесіне айрықша мән беріп, атап өтуді аталарымыздан үйрендік.   Үлкендерден көрген өнегені жоғалтбай бұл күні бас қосуды біз де әдетке айналдырып келеміз. Қытай қазақтары наурыз мерекесін көне жыл санауы бойынша 13 наурыз күні тойлайды. Наурыздың жаршысы мерекені хабарлағаннан бастап дүркірген наурыз тойы басталады. Мал сойылып, 7 немесе 9 дәмнен тұратын наурыз көже әзірленеді. Сондай – ақ, малдың уыз сүтінен сақталып дайындаған сүзбе де осы күні арнайы ас ретінде беріледі. Бәріміз ұлттық киім киіп, үйді-үйді аралап амандасып, қонақ боламыз. Көшеге алтыбақан құрылып, балалар асық ойнайды. Бұдан бөлек, теңге іліу, көкпар, қыз қуар сынды ұлттық ат спорт түрлері де ойнатылады. Таң атқанан кеш батқанаға дейін ән әуені үзілмей күй де, терме де, жыр да орындалады. Біз ешқешан Наурыз мерекесінің құнын да қасиетін де жоғалтқан емеспіз. Бұл мереке біз үшін Ұлттық Ұлы мереке.
Гүлсара Ұлыбританаиядағы студент
Лондонда Наурыз мерекесі халықтық мереке ретінде тойланбайды. Тек сәуір айында  жалпы азиялықтардың көктем фестивалі жасалады. Бірақ, наруыз мерекесі  күні осы жақта оқып жатқан қазақ студенттері жиналып, шағын отырыс жасаймыз. Ұлттық киім киіп, ет асамыз. Наурыз көжені де білгенімізше әзірлейміз.
Манғолия Шұғай Есімхан
Наурыз мерекесі біз үшін халық болып асыға күтетін ең қасиетті мейрам. Манғолияда наурызды қазақтар ғана емес, маңғол халқы да жыл сайын жөн-жоралғысымен атап өтеді. Ал манғолиядағы қазақтар наурыз тойын 4-5 күн қатарынан тойлайды. Қазақтар шоғырланған Баян - Өлгий ауданында киіз үйлер тігіліп, үйді-үйді аралап наурыз көжеден дәм татамыз. Ерлер шапандарын, әйелдер жағы небір түрлі әшекей тағып, камзол, жеңсіздерін киеді. Сонымен қоса, өгіз көтеру, түйе тарту ойындары ойналады.
Түйін. Самарқанаың көк тасы еріп, жер ананың бойы бусанатын Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесін тойлауды жер шарының кез-келген бұрышында жүрген қандас бауырларымыз да ұмыт қалдырған емес. Қайта, Ұлттық мерекеміз саналатын бұл мейрамды тойлау жылдан-жылға кең етек алып келеді.
Дайындаған:
НАЗЕРКЕ МАРАТҚЫЗЫ
        
21 наурыз 2018 ж. 1 441 0