Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 наурызды «Отандастар күні» деп атау ұсынылды

21 наурызды «Отандастар күні» деп атау ұсынылды

Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Наурыз мерекесі қарсаңында қауымдастық Төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.










Оның айтуына қарағанда бұл күн елдігіміздің, рухани жетістіктеріміздің, отанға келген қандастарымыздың құрметіне аталмақшы.
«Осының барлығы да Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Кеңес үкіметі тұсында наурызды тек ауылда өткізетінбіз. Қазіргі кезде, Құдайға шүкір, ел болып, жұрт болып тойлап жатырмыз» - дейді Зауытбек Тұрысбеков.
Наурыз мерекесі кешірімнің, татуласу мен бірлік-берекенің мерекесі екенін айтқан Қауымдастық төрағасының орынбасары осы жылы 21 наурызды «Отандастар күні» деп белгілегенін атап өтті.
«Мейрім адамның көзінде» дейді бабаларымыз, ал «ағайын араласпаса жат болады» дегенді айтқан да сол аталарымыз еді. Сол себепті сіздерге бір ұсыныс жасап отырмыз. Осы 21 наурызды «Отандастар күні» деп белгілеуді ұсынамын» - деді ол.
Осыған негізделіп Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Үндеуі дайындалды. Онда осы күннің ерекшелігі, еліміздегі, тіпті алыс-жақын шет елдегі қандастардың барлығы да «Отандастар күні» деп атап өту ұсынылған.

19 наурыз 2018 ж. 1 108 0