Наурыз құпиялары

Наурыз айының әрбір күні мереке екенін біріміз білсек, біріміз білмей жатамыз. Ендеше, наурыз айының құпияларын біле жүрейік:
1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күні барлық адамдар бір-біріне ризашылығын айтады.
14 наурыз - Көрісу(амал) мерекесі. Бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
15 наурыз – Ояну күні. Жер бетіндегі күллі өсімдік атаулысы ояна бастайтын күн саналады.
16 наурыз – Тазару күні. Яғни, бұл күні үйді тазалап, ескі киімдер мен ыдыс-аяқтарды тастау қажет.
17 наурыз – Қайырымдылық күні. Таң атысымен дастарханға міндетті түрде пісірілген тағамдарды қойып, наурыз көже дайындау қажет. Осы күні әрбір адам 7 үйге барып, жақсы сөздер айтып, наурыз көжеден дәм татуы тиіс.
18 наурыз – Тілек тілеу күні. Осы күнде 7 шелпек таратады.
19 наурыз – Ерекшелік күні. Бұл күн - жаңа әрі сәнді киімдер алып, жаңаша бұйымдар жасау күні.
20 наурыз – Қуаныш күні. Бір-біріміздің барлық өкпе-ренішімізді кешіріп, сыйлық сыйлау мерекесі.
21 наурыз – Үйлесімділік мерекесі. Наурыздан бұрынғы соңғы түн - қасиетті Қыдыр ата түні саналады. Адамдар дастарханға барлық тәтті дәмділерін қойып, Қыдыр атаны күтеді.
22 күні – Ұлыстың ұлы күні. Қазақтың жаңа жылы болып есептеледі. Қасиетті күнде адамдар кең дастархан жайып, наурыз көже әзірлейді. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, Наурыз-думан әні айтылады.
Осыдан наурыз айының қасиетін, ізгілік пен жақсылыққа бастайтын ерекше ай екенін аңғарамыз.
Балауса Төребай