Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таразда 10 мың адамға наурыз көже дайындалады

Таразда 10 мың адамға наурыз көже дайындалады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасы жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Наурыз-2018» меркесін тойлау 9 күнге жоспарланған. Негізгі мерекелік шаралар 14-22 наурыз аралығында өтеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 наурыз күні облыста қоғамдық және қайырымдылық шаралары өтеді. 16 наурызда қазақ дәстүріне сәйкес ата-баба аруағына құрмет жасалып, мешіттерде құран оқтылады. Жастар Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қояды.
17 наурызға жалпыхалықтық сенбілік жоспарланған. 18 наурыз күні облыс, қала және аудандар басшылары перзентханаларға барып, дүние есігін ашқан сәбилер мен оларды ата-аналарын құттықтайды.
19 наурыз этномәдени бірлестіктер концерті өтеді. 20-21 наурызда Тараз қаласының орталығында негізгі Наурыз-думан басталады. Тұрғындар наурыз көже ішіп, бауырсақ жеп жәрмеңекелерден арзан сауда жасай алады.
22 наурызға 800 әртіс қатысатын үлкен концерт жоспарланған. «Достық» алаңында дәстүрлі бұқаралық думан басталады. Қой көтеру, ләңгі ойнау, алтыбақан, асық ату, теннис, қол күресі, арқан тартыс және басқа да көптеген ойындардан байқау ұйымдастырылады. Мереке соңы кешкі отшашуға ұласты.
15 наурыз 2018 ж. 1 984 0