Астана көшелерінде 1 тонна бауырсақ тегін таратылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Сарыарқа ауданында бауырсақ фестивалі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Елорданың 20 жылдығына және Наурыз мерекесіне орайластырылған «Бауырсақ Time» бұқаралық акциясы басталды. Дәстүр мен мәдениетімізді ұлықтайтын жоба бір аптаға ұласады»,-деп жазады өзінің Facebook парақшасында аудан әкімі Арман Тұрлыбек. Апта бойы «Астана жастары» еріктілері қала тұрғындары мен қонақтарына тегін бауырсақ таратады. «Бүкіл фестиваль аясында күніне 4000 бауырсақ таратылады. Барлығы 25 000 мың, яғни бір тонна бауырсақ дайындау жоспарланған»,-деді әкім. Жоспарға сәйкес «Бауырсақ Time» 17 наурыз күні 12.00-де астаналық арбатта аяқталады. Фестиваль соңы концертке ұласады.