Ең биік қалпақтың иесі әлемдік рекордтан үмітті

Одилон Озаре биіктігі 5,72 метрді құрайтын қалпақ жасап шығарды, ал мұндай ерекше қалпақтар бойынша қазіргі әлемдік рекорд 2,97 метр биіктікті құрайды.
Суретші қалпақты әзірлеуге шамамен 7 апта уақытын жұмсаған. Қалпақ жапсырмалы шыны моншақтармен, таспа баулармен және тауыс құсының қауырсындарымен әшекейленген. Одилон биік қалпақтар ежелден оның иесінің маңғаздығының белгісі болып табылатындығын тілге тиек етіп отыр.
Әрине, ол ерекше қалпақты көшеде киіп жүру тым ыңғайсыз екенін мойындап отыр, сондықтан таяу арада ерекше қалпақ жергілікті кафелердің біріне сәйндік бұйым ретінде сыйға тартылуы мүмкін.
