Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезиядан тауық-адам табылды

Индонезиядан тауық-адам табылды

Индонезияда ерекше оқиға орын алды. Дәрігерлер14 жасар Акмаль Русли есімді жеткіншектің тауық жұмыртқаларын «туатын» қабілеті бар екенін растады. 
 
Акмаль Руслидің әкесі таңертең баласының іші ауырып, мазасы кеткен соң, ауруханаға жеткізгенін айтады. Дәрігерлер жеткіншектің денсаулығын тексеріп, рентгенге түсірген. Нәтижесінде жеткіншектің тік ішегі арқылы жұмыртқаны сындырмай алып шыққан.

Кейінірек жеткіншектің осындай себептермен дәрігерлерге алғаш рет қаралып отырмағаны анықталған. Соңғы бірер жыл ішінде жеткіншек 18 жұмыртқа «туғаны» белгілі болып отыр. 

Жеткіншек пен оның ата-анасы бұл құбылысты оның «ерекше қабілет иесі» ретінде қабылдайды. Алайда, мамандар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, жұмыртқаларды біреу әдейі жеткіншектің денесіне орналастыруы мүмкін деген пікірге келген. Тіпті, арнайы зерттеу жүргізіп, жеткіншек «туған» жұмыртқалар кәдімгі тауыққа тиесілі екенін анықтаған. 
reactor.inform.kz
22 ақпан 2018 ж. 2 728 0