Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Папуа-Жаңа Гвинеяда көшкін 670 адамның өмірін қиды

Папуа-Жаңа Гвинеяда көшкін 670 адамның өмірін қиды

Алдын ала болжам бойынша, Папуа-Жаңа Гвинеяда 700-ге жуық адам көшкіннің құрбаны болды, мыңдаған адам жарақат алды, деп жазады Euronews.

Бұл туралы БҰҰ көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы хабарлады.

Оның мәліметінше, 150-ден астам баспана үйінді астында қалған.

«Қазіргі уақытта 670-тен астам адам жер астында жатыр деген болжам бар», — деді ұйымның елдегі миссиясының басшысы Серхан Актопрак жергілікті билік мәліметіне сілтеме жасап.

Бастапқыда құзырлы органдар көшкін 60-қа жуық үйді басып қалды деп есептесе, кейін олардың саны одан да көп екені белгілі болды.

Үйіндінің тереңдігі алты метрден сегіз метрге дейін жетеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ел астанасы Порт-Морсбиден солтүстік-батысқа қарай 600 шақырымдай жерде орналасқан Энга провинциясының Каокалам ауылында ғана 300-ге жуық адам үйінді астында қалып қойған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден 
27 мамыр 2024 ж. 607 0