Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колумбияда көшкін жүріп, 12 адам қаза тапты

Колумбияда көшкін жүріп, 12 адам қаза тапты

Колумбияның орталық бөлігіндегі таулы ауданда нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, 12 адам қайтыс болды, бірнеше үй қирады, деп хабарлады елдің азаматтық қорғаныс агенттігі. Көшкін Кундинамарка провинцисындағы Кветамеде болып, жолындағының бәрін жайпап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 12 адамның мәйіті табылды, олардың ішінде 2 бала бар.

Азаматтық қорғаныс, Қызыл крест құтқарушылары, өрт сөндірушілер мен әскерилер тонналаған батпақ пен үйінді арасынан із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.

Көшкін ел астанасы Богота мен маңызды ауылшаруашылық аймағы саналатын Мета провинциясының астанасы Вильявисенсионы жалғаған тасжолды жауып қалды.

Колумбияның таулы аймағында нөсер жаңбыр жиі жауатындықтан көшкін қалыпты құбылыс саналады.

2017 жылы Путумайо провинциясындағы Мокоа қаласында болған кейінгі ірі көшкін салдарынан 320-дан астам адам қаза тапқан болатын.
20 шілде 2023 ж. 223 0