Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты

Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты

Бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысында көшкін болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты, 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News-ке сілтеме жасап.

Табиғи апатпен күрес қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар Манипур штатының астанасы Импхалаға жақын орналасқан Нони қаласында үйінді астында қалып қойған зардап шегушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың жетеуі әскери қызметші болған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында Үндістанның бес теміржол қызметкері бар. Табиғи апат болған ауданда теміржол салынып жатыр.

Үндістанның солтүстік-шығысында үш аптадан бері толассыз жаңбыр жауып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, 17 мамырдан бері қатты нөсер мен көшкін салдарынан Ассам, Манипур, Трипура және Сикким штаттарында барлығы 200 адам, Бангладеште 42 адам қайтыс болған.

Жүздеген мың адам эвакуацияланған.
02 шілде 2022 ж. 831 0