Эквадордағы су тасқынынан 27 адам мерт болды

«27 адам қаза тауып, 55-і жарақат алды (41-і ауруханадан шықты, 14-і ауруханада жатыр, бірі ауыр халде), екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында», - делінген әкімшіліктің Twitter-дегі хабарламасында . Бұған дейін 23 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Дүйсенбі күні Эквадор астанасында толассыз жаңбыр жауып, салдарынан маңызды жолдар жабылып қалды. Су тасқынынан бірнеше ғимарат зақымдалып, элект қуаты сөнді. Құтқарушылар зардап шеккен аудандарда жұмыс істеп жатыр.
inform.kz