Қытайда құйыннан 12 адам қаза тауып, 400-ден астамы зардап шекті

Сенбі күні таңертең күшті жел мен құйыннан 480 тұрғын үй қирап, зақымданған. 8 мың шаршы метр аумақта құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттар опырылып қалды. Сол күні Уханьның Тяньхэ халықаралық әуежайында 87 рейс кешігіп ұшты, тағы 123 рейс мүлде кейінге қалды. Шығыс Қытайдағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында дауылдан 4 адам көз жұмды. 149 тұрғын жарақат алды. Үскірік желдің екпіні секундына 23,9 метрге жеткен.