Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда 13 мың адам су тасқынынан зардап шекті

Үндістанда 13 мың адам су тасқынынан зардап шекті

Табиғат апатынан 13 мыңнан аса тұрғын зардап шекті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең қауіпті деп саналған Джорхат штатында әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Баспаналарын тастауға мәжбүр болған тұрғындар уақытша лагерьге орнатылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Брахмапутра өзенінің суы қауіпті деңгейге дейін жетіп отыр. Құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге тасқыннан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.
https://kaz.tengrinews.kz
09 шілде 2019 ж. 821 0